Басқы бет Іздеу Жазылу Мұрағат Мекен-жайы

№20 (930)
17 мамыр
2012 жыл
Қазақ тiлiндегi халықаралық апталық сараптамалық газеттің электрондық нұсқасы
Газет тарихынан
• Түркістан газеті 1993 жылы қарашада ҚР Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысымен ашылған
• Үлкен форматты, 8 бет
• Таралымы - 10 мың дана
• Алғашқы бас редакторы - Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мухамеджанов. (1993-1999)
• Қазіргі бас редакторы - Шәмшидин Паттеев



Қалтайдың қалжыңдары

Қысыр қатынның зәрi
Кезектi нөмiрi шыққан газетке көңiлi қоңылтақсыған Қалағаң ұжымды бидайдай қуырып, дүниенi тар қауызға сыйдырған.
-Қалаға, әлгiндей фактiлер қолымызға түспедi ғой,- деп ақталған журналист жiгiтке шаншыла қараған бас редактор:
- Апыр-ай, долырған қысыр қатынның зәрi жететiн анау кiтапханаға сендердiң аяқтарың жетпейтiнiне аң-таңмын,- деп қоңқақтау мұрынын қыйсита сол қолымен қозғап -қозғап қойды.



Қалаған айтқан қалжыңдар. Түбектен түк айырмасы жоқ
Қалағаң аяғын ауырсынып жүрген кез. Бiрде “Жигулидiң” алдыңғы есiгiнен әрең енiп, орындыққа зорға отырды. Бiресе қолындағы таяғы сыймайды, бiресе сылтып басатын аяғы сыймайды,
Қалаға-ау, кешiгетiн болдық қой. Жылдам-жылдам мiнбейсiз бе? - деп қалжыңдаған жүргiзушi жiгiтке Қалекең:
- Пай -пай , сенiң мәшинеңнiң түбектен түк айырмасы жоқ-ей. Екеуiне де отыру қиямет- қайым, -деп мырс етiп жауап бердi.




План закупок

Сұрақ-жауап
Сiзге дағдарыс қаншалықты әсер етуде
иә әсер етуде
жоқ әсер етпейдi



Біздің әріптестеріміз













Бизнес-инфо:
 
ҚАЗАҚСТАН: СЫРТҚЫ САЯСАТ
ЕЛІ ҮШIН ТУҒАН ЕРДОҒАН

Ол – әлемдiк деңгейдегi тұлғалардың бiрi. Биiктеген сайын қарапайымдылығы мен қайсарлығы ұштала түскен ұлды ұлты шексiз мақтан тұтады. Екi құрлықты жалғастырған алпауыт елдiң атпал азаматы туралы мақаладан талайлар үлгi алса, игi.

ҚАЗАҚСТАН: IШКI САЯСАТ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРУҒА ЖАҢА ҚАДАМ

Өткен аптаның аяғынан бастап, ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттерi басшыларымен кездесу өткiздi. 10 мамырда Қазақстан Президентi Астанадағы өз резиденциясында Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаевты қабылдады. Бұдан кейiн Белоруссия астанасы Минскiге сапар шеккен Елбасы Лукашенконың Вискулидегi (Беловежье орманы) резиденциясында әуелi бейресми, сосын ресми кездесу өткiздi. Бұдан соң Мемлекет басшысы Мәскеуге сапар шектi.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕУ

Жуырда Ақордада өткен жиында негiзгi әңгiме Мемлекеттiк рәмiздерге байланысты өрбiдi. Жиынға Мемлекеттiк хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң төрағалық етуiмен Президент жанындағы Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия мүшелерi жиналған едi. Бұл аталмыш республикалық комиссияның биылғы жылғы алғашқы бас қосуы. Елбасы Н.Назарбаевтың 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес, биылғы жылы комиссия құрамына да бiрқатар өзгерiстер енiптi.

ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕ
АБАЙДЫ ТАНЫ, АЗАМАТ!

Абайға келiп мұңын шағуды осыдан бiраз уақыт бұрын қазақ оппозициясы бастаған болатын. Ресейдегi Путин саясатына қарсы тұрушылардың Чистопрудныйдағы Абай ескерткiшiнiң маңайына жиналуы кездейсоқтық па? Әлде ұлт руханиятының ұлы көсемiнiң рухынан қолдау iздеушiлiк пе? Абайдың ХIХ ғасырда айтқан демократиялық ойларының ұшқынынан нәр алу ма?

БIЗДIҢ БАЙЛАР — КIМДЕР?

Кез келген мемлекеттiң қаржылық әлеуетi мен әлеуметтiк ахуалы халықтың тұрмыс деңгейiнен көрiнедi. Қоғамда қалталылар қатары неғұрлым көбейген сайын елдiң жағдайы соғұрлым жақсара түсетiнi анық. Ал бiздегi байлар кiмдер? Олардың жиған-тергендерi қанша? Бiреудiң қалтасына сұқтанған – жаман әдет, әрине. Бiрақ Forbes Kazakhstan журналы ұсынған миллиардерлер мен миллионерлер тiзiмiне қызықпайтындар кем де кем.

«ТАУАР ТАСУШЫЛАРМЕН» ТҮСІНБЕСТІК НЕДЕН ШЫҚТЫ?

Көпшiлiктiң кейбiр көзқарасы кей сәттерде iрi әлеуметтiк жанжалдың тұтануына себепкер болады. Әсiресе, қара нәрсенi ақтауға тырысып, алыпсатарлық жолды таңдайтындар да аз емес. Ең қызығы, заңды белiнен басқысы келетiндер өздерiнiң пиғылын барша халықтың қажеттiлiгi деп ақталғысы келедi. Мұндай орынсыз жағдайға тап болмас үшiн асқан қырағылық қажет-ақ.

ДIН
ҚҰРАН СЫРЫ

Құран сөзiнiң мағынасы жайында ғалымдар арасында әртүрлi көзқарастар бар.
Құрандағы: «Расында, оны жинау, оқу Бiзге мiндет. Ал оны Бiз оқығанда, оның оқылуына iлес» (Қиямет с. 17–18 аятта) аятында Құран сөзi оқу мағынасында берiлген. Осы дәлелге қарай Құран сөзi «оқу» етiстiгiнен шығып хазiретi Мұхаммедке (саллалаһу алейһи уа саллам) түскен Илаһи сөздiң есiмi болған. Бұл – Ислам ғалымдары арасындағы басым болған көзқарас. Құранның ерекшелiктерi мен сипаттарын негiзге ала отырып анықтамалар берiлген. Ғалымдардың аса мән берiп келген анықтамасы мынадай:

ТҮРКIСТАН-АҚПАРАТ
СИМПОЗИУМ САБАҚТАРЫ

Соңғы санаулы жылдардың iшiнде қоғам өмiрiнiң барлық салаларында дерлiк терең, түбегейлi өзгерiстер орын алды. Бұл өз кезегiнде дiн мен дiни құбылыстардың өзiнде де терең өзгерiстерге алып келдi. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде өткен «Қазiргi әлемдегi ислам: даму барысы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми симпозиумда осы жайттар сөз болды.

«ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ»

ҚР Ұлттық кiтапханасының кiтап қоры тағы бiр асыл қазынамен толықты. Кiтапхана қорына қосылған бұл жолғы еңбек – ҚР Мәдениет қайраткерi, ҚР Президент сыйлығының лауреаты, мемлекеттiк «Дарын» жастар сыйлығының иегерi Болатбек Төлепбергеннiң «Ұлттық идея – тәуелсiздiк тұғыры» атты туындысы.

РУХАНИЯТ
ҰМЫТЫЛМАС ҚАСIРЕТ

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIХ сессиясында: «Биылғы жылдың үлесiне бiз ұмытпауға тиiстi бiрден екi дата дөп келiп отыр. Бұл – 30-шы жылдардың басындағы жаппай аштықтың 80 жылдығы мен сталинизмнiң жаппай саяси репрессиясының шегiне жетуiнiң 75 жылдығы. Бұл қасiреттердiң орны толмайды», – дедi.

ӨРТЕГЕН ӨЗЕК ӨЗ ЕЛIМ

Бұл материалды Бегiлдә аға бұдан бiрнеше ай бұрын редакциямызға өз қолымен әкелiп едi. Оқыдық. Ойландық. Көркем өнердiң кез-келген түрiне пiкiр айтқанда, ненiң асыл, ненiң жасық екенiн тап басып тани бiлетiн тамаша эстет қалпынан, бетiң бар, жүзiң бар демейтiн туабiттi турашылдығынан бұл жолы да танбағаны көрiндi. Бiрақ ...шындықты шырқырап айтам деп, бiрнеше ұрпақтың жадында мiннен ада, сыннан таза қалыпта жатталып қалған кейбiр әндер мен ән мәтiндерiне буынсыз тiлдi батырыңқырап жiберген екен. «Сәл жұмсартып берсеңiз қайтедi» дегенiмiзде, Бекең: «Онда ол Бегiлдәның мақаласы болмай шығады ғой» деген-дi.
Иә, Бегiлдә дүниеден Бегiлдә қалпында өттi...Шындықтың бетiне тура қарауымен... бойындағы бояусыз барымен ... айшықты, қайшылықты болмысымен... оңды-солды жұмсаған терең бiлiмiмен... жүзiм, руым демеген жарқын жүзiмен...

Дидахмет

СЫР ЕЛІНІҢ БІР САҢЛАҒЫ – ҚАЛЖАН АХУН

Ахун – заңгер, сөз шебері деген мағынаны білдіреді. Бұрынғы кездері ишан атағына қосымша заң факультетін бітіргендерге ахун лауазымы қосымша беріліп отырған. Кеңес өкіметі тұсында халқымыздың басынан не бір зұлматтардың өткеніне көне тарих куә, елдің көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым өкілдері, әсіресе дінді уағыздаушылар қудалауға түсті. Бірсыпырасы атылып кетті, біразы жан сауғалап шетел асуға мәжбүр болды.

«МЕН – ӨЛЕҢМІН, ӨЛЕҢДЕ КІНӘ БАР МА?!.»

Әрбір ақынның шығар­ма­шы­­лығының жалпы өрісінен, оның лирикалық қаһарманының бейнесінен авторының тұлғалық бітім ерекшелігі, дүниеге деген көзқарасы мен психологиялық портреті мен­мұн­далап тұратыны айқын. Роза Сей­іл­хан замандасымыздың жырларын па­рақтағанда, оның өлеңдері таң шы­ғын­дай мөлдір лиризмге, адами һәм шы­ғар­машылық еркіндікке мәңгі ынтызар­ жүрек лүпіліне, туған жерге тамыры­ байланған перзенттік махаббатқа, қай­мағы бұзылмаған шұрайлы тіл мен көр­кем де кестелі тіркестерге мейлінше бай­ екеніне сүйсіндік. «Бүгінгі поэзия­ жанрында қалам тербеп жүрген ақын қыз-келіншектер жаны нәзік бола тұра, өмірді батыл әрі еркін жырлайды.­ Ро­заның өлеңдерінен де осындай шынайылық байқалып тұрады. Оның лирикадан пәлсапа туғыза ала­тын­дығы, ой-өрімдері мен ақындық, адами­ тағдырын өзіндік мұңымен өре бі­ле­тін­дігі қуантады» дейді ол туралы ақын аға­сы Ғалым Жайлыбай.

ӘЛЕУМЕТ
АШТЫҚ ТУРАЛЫ ҚЫРҒЫЗДАН ЕСТІДІМ...

Шыны керек, қазақ ұлтының өткен ғасырдағы басынан кешiрген сұмдық қайғы-қасiретi туралы өзге ұлт өкiлiнiң аузынан естiгенiң қиын екен. Сенерiңдi де, сенбесiңдi де бiлмейсiң. Сенейiн десең, сол кезде пышақтың қырындай болып шыққан, аптасына бiр рет қана оқытылатын «Қазақ КСРО тарихында» бәрi «керемет», бәрi «тамаша». Қазақ ұлты тек социализмнiң арқасында ғана мүлдем құрып кетуден аман қалыпты-мыс. Сенбейiн десең, шындықтың түсi – суық, дәмi – кермек. Сонымен...

САРАПТАМА
АҒАЙЫН ТАТУ БОЛСА, АТ КӨП...

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 10-11 мамырда Астанаға ресми сапармен барған Қырғыз Республикасының Президентi Алмазбек Атамбаевқа көрсеткен ерекше жылы iлтипаты қырғыз бауырластарды «ой, пәлi» дегiзiп, бiр серпiлтiп тастады. Өйткенi қазiргi мезгiлде жаттан жақын iздеп жатқан қырғыз халқы ағайынның демеуiне зәру.

Бiздiң сұхбат
СЫРТТАЙ – БЕЛГІСІЗ БАТЫРЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ БЕЛГІСІ

– Ақан аға, әңгіменің ауанын «Жаужүрек мың бала» фильмінен бастасақ. Жалпы, идея кімдікі?
– «Жаужүрек мың баланың» негізгі идея­сын ұсынған «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы. Өткен жылдың қыркүйек айында Ермек Аманшаев мені «Қазақфильмге» шақырып, осы жоба төңірегінде ұсыныс жасаған еді. Режиссерлік өмірімдегі алғашқы тарихи фильм екенін айтпасам да болады.

«БАТЫР БАЯНҒА» ГАННОВЕРДЕ КӨМЕКТЕСЕ МЕ?!

Жұмахан Әбдiқадыровтың есiмi көпшiлiк қауымға «Батыр Баян» фильмiмен танылды. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанының желiсi бойынша түсiрiлген бұл фильм әлi күнге кино экраннан түспей келедi.

Тайқазан
КIТАП АРҚАУЫ — «ОЯН, ҚАЗАҚ!»

Алаш қозғалысының көрнектi қайраткерi, ағартушылығымен, ақындығымен, ХХ ғасыр басында өзiндiк идеясымен танылған зиялылардың бiрi – Мiржақып Дулатов. Қайраткер бүкiл саналы ғұмырын қазақ халқының азаттық жолына, патша үкiметiнiң отарлау саясатына қарсы күресуге, қазақ мәдениетi мен әдебиетiнiң өрлеуiне арнап, «Айқап», «Қазақ», «Серке» және т.б. мерзiмдi басылымдар арқылы ел санасын оятатын мәселелердi көтердi. Жалпы, М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметiн зерттеуге арналған жұмыстар негiзiнен бiрнеше кезеңдермен ерекшеленедi. Қоғам қайраткерiнiң шынайы тарихи тұлғасын, оның идеяларының өмiршеңдiгiн дәлелдей түскен еңбектер баршылық.

АЛАШ АНИМАТОРЛАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Теледидардың тәрбие құралы екенi сөзсiз. Алайда үйiмiздiң төрiнен орын алған «көк жәшiк» бүгiнде сол үдеден шығып отыр ма? Отандық телеарналар балалар үшiн қандай дүниелердi ұсынуда? Оның жас ұрпаққа берер тәрбиесi қандай? Мiне, осы сауалдарға келгенде тiлiмiз күрмелiп қалатыны рас.

«КӨГІЛДІР ОТЫНҒА» ҚОЛЫМЫЗ ҚАШАН ЖЕТЕДІ?

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округі бар. Бұл округке Алматы қаласының іргесіндегі Түймебаев, Жәпек батыр, Төле би, Жомарт, Көк қайнар елді мекендері қарайды. Бұларда барлығы жиырма екі мыңға жуық халық тұрып жатыр.

«БАЗАРБАЕВТАР» – АРЗАН КҮЛКІ ЕМЕС

Қазақы қалжың мен әдемі әзілді табыс көзіне айналдырғандар бар. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» қағидасына сүйенетін олар әдептің шегінен шықпауды көздейді. Бастысы – қалжың арқылы Қазақ қоғамына оң ықпал ету, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Солардың бірі – Нұрлан Қоянбаев. КВН сахнасы мен Ресейдің Жоғары лигасында еліміз бен ұлтымызды «Қазақтар» командасы арқылы танытып жүрген ұланның бүгінде қазақтілді шоу-бизнесті дамытсам деген талпынысы бар. Бүгінгі сұхбатқа отандық шоу-бизнестің ахуалы, қазақ тілінде түсірілетін шығармалардың сапасы мен саны, шетелдік дүниелерге иек артушылық және талай көрерменнің көңіліне жаққан «Базарбаевтар» отбасылық комедиясы арқау болды.

САҚШЫЛАРҒА – ЖАҢА КӨЛІКТЕР

Қоғамдық қауіпсіздік мығым жерде тұрақтылық табанды. Соңғы уақытта Қызылорда өңірінде ішкі істер қызметінің құрылымдық қарымын нығайту мен материалдық-техникалық базасын жаңартудағы бетбұрыс жақсы нәтижелер қалыптастырып отыр. Жергілікті биліктің үлкен қолдауы мен жаңашыл талаптар ел тыныштығын сақтау жолындағы қыруар іске серпінді қанат бітірді. Осының бір айғағындай, жуырда ғана тәртіп сақшыларына кезекті рет су жаңа автокөліктер берілді.

ПЕТРОПАВЛ: ЖЕР ҚАЗАҚСТАНДЫКІ ДЕСЕК ТЕ...

Еліміздің солтүстігіндегі қақпа – Қызылжар (Петропавл) қаласына барудың сәті түскен еді. Жұрт аузында жүрген Қазақстанның солтүстігіндегі бес қаланың бірі де, бірегейі. Бұл қаланың Қазақстандыкі екендігіне Солженицын, Дугин, Горбачев және Жириновскийлер күмән келтіріп, жиі мәлімдеме жасады. Алайда, бұл мәлімдемелерге құлақ асылмады. Тарихи әділдік орнап, Қазақстанның солтүстік қақпасы айқындалды. Шекараларымыз нығайтылды. Әйтсе де, Петропавл атауын Қызылжармен алмастыру жайлы әңгіме көтерілгенде, оған қарсы болушылардың дені оның себебін мұндағы орыс ұлты өкілдерінің жаппай көшіп кететіндігімен түсіндірген еді.

ТУДЫ, ЕЛТАҢБАНЫ ҚОРЛАУ – ЕЛДI ҚОРЛАУ

Мемлекеттiк рәмiздерiмiздi ұлықтау, құрмет тұту – бiр Тудың астында берекелi күн кешкен жандарға ортақ мiндет. Тұғырлы Тудың қасиетiн айтамыз, бiрақ сол қасиеттi қорлап жатқандарға бұл күнi қандай жаза қолдана алдық? Ойландыратын жайт.

БУЫН АУРУЛАРЫ ЖАСТАРҒА ДА АУЫЗ САЛУДА

Бүгiнде буын ауруларының дендеп кетуi әлем елдерiн алаң­да­тып отыр. Ресми мәлiметтерге сүйенсек, халықтың 48 пайызы буын және сүйек ауру­ларынан зардап шегетiн көрiнедi. Буын ауруларының iшiнде ең көп кездесетiн түрi «остеоартроз» деп аталады. Бұл аурудың ең бiрiншi кезеңi – шемiршекаралық майдың таусылуы. Оны бiз «тiзе ауруы» деймiз.

АЛҒАШҚЫ ҰШАҚҚА – ХИУАЗ ЕСІМІ

Биыл «Эйр Астана» авиакомпания­сына – 10 жыл. Он бес жылдық мерейтой қарсаңында, «Эйр Астана» авиатасымалдаушысы өзінің алғашқы ұшағына қазақстандық әйгілі ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін бермек. Embraer 190 авиалайнеріне әйгілі ұшқыш батыр қыздың есімін беру рәсімі алдағы жылы шілде айында ұшақтың авиакомпанияның иелігіне берілуінен кейін өтетін болады.

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДI

Өзiндiк қызығын ала келетiн жылдың осы мерзiмiнде қала тұрғындары тау етектерiне жиi жиналып, қала маңындағы өзен-сулардың жағасын жайлайтыны бар. Әдетте, отбасымен, бала-шағамен демалушылардан босамайтын осындай серуендер көп ретте қайғылы оқиғалармен ұласып жататыны да өмiр заңдылығы шығар. Дегенмен, «Сақтансаң сақтаймын» деген халықтық философияны бiр сәт естен шығармай, өзiмiзге-өзiмiз сақ болғанымыз қажет-ақ.

20 ЖЫЛДЫҚҚА 20 ЖЫЛҚЫ ТІГЕТІН КЕШ

19 мамыр күні сағат 18.00-де Респуб­лика сарайында «Жұлдыздар отбасы» және «Жұлдыздар отбасы – АҢЫЗ АДАМ» журналдарының «20 жылдыққа – 20 жылқы!» атты ән кеші өтеді. Бұл кеш – таңдаулы әндер мен жырлардың, мың бұралған әдемі билер мен тәтті күйлердің кеші болмақ.

ПЕЙIЛ МЕН НИЕТ

«... Итен ағамен танысқаныма он шақты жылдай боп қалса да, тек соңғы кездерде ғана етене араласып, жақын білісе бастадық. Ол бірден-ақ бауырына тартып бәйек боп, құшағын аша ұмтылып, төсіме төсін басып, көптен көрмеген туысындай қуана қауышатын жан боп шықты. Кездескеннен-ақ оның адамдарға деген жанының жомарт, жүрегінің дархан екенін бағамдайсың. Пейілі пейіштей кең, ниеті сүттей аппақ...»

ШАҒЫН НЕСИЕ ЖӘНЕ ШАТҚАЯҚТАҒАН АУЫЛДАР

Елбасының 2011 жылғы Халыққа Жолдауында шағын несиелер арқылы тұралап қалған ауылшаруашылығын дамыту туралы Үкiметке тапсырма бергенi мәлiм. 2011 жылы шағын несиелеуге қосымша үш миллиард теңге бөлу (20,5 миллион доллар), ал 2015 жылға дейiн бұл қаржыны – 10-15 миллиардқа (68,5 – 102 миллион долларға дейiн) теңгеге жеткiзу көзделген. Ауылшаруашылығындағы кәсiпкерлер 9 пайыз өсiммен төрт жылға дейiн шағын несиеге қол жеткiзе алады. Бiр жылға дейiн жеңiлдiк берiледi, ал оны төлеу кестесi әркiмде әрқалай. Президент Назарбаев ауыл кәсiпкерлерiне берiлетiн несие тек өзiнiң жеке кәсiбiн құру үшiн бөлiну қажеттiгiн мәлiмдеген.

СУВОРОВ НОҒАЙЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚЫРДЫ?

Орыс тарихына көз жіберсең, онда өзге ұлттарға қарсы қанды қасаптың өте көп жасалғанын көресің. Бірақ орыс саясаткерлері үнемі Ресей империясының құрамына өзге ұлттар «өз еркімен» қосылды деуден танбай келеді. Әйтеуір ақтаңдақтарды ашып айтуға құлықсыз. 400 жыл бойы үстемдік еткен кезеңде Ресей империясы әсіресе түркі халықтарына қатты шүйлікті. Мұндай геноцидті орысқа тәуелді болған тұста Қазақ халқы да талай рет бастан өткергені белгілі. Мәселен Голощекиннің қолдан жасалған аштығы кезінде ұлтымыздың қырық пайыздан астамы құрбан болды.

   
Developed by
Nursat Web-Group
Copyright © 2004 TURKESTAN. All Rights Reserved