«Отандастар» қоры Наурыз мейрамын онлайн тойлады

«Отандастар» қоры Наурыз мейрамын онлайн тойлады

«Отандастар» қоры Наурыз мейрамын онлайн тойлады
ашық дереккөзі
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар» қоры алыс-жақын шетелдегі қандастардың басын қосқан «ONLINE-NAURYZ» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен шараға әлемнің түкпір-түкпіріндегі АҚШ (Бостон, Чикаго), Иран, Германия, Швеция, Дания, Монғолия, Ресей, Түркиядағы қазақтар белсенді қатысып, атамекеніне ыстық сағынышын жеткізді. Дархан көңілді қандастарымыз бір-бірін құттықтап, барша қазақ халқына ыстық лебізін білдірді.  width= Өз кезегінде «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов барлық қатысушыларды ұлық мейрам Наурызбен құттықтады. Былтыр табысты еңсерілген жобаларды қорытындылап, биылғы жылдың жоспарымен бөлісті. Қазіргі уақытта әлемді дүрліктірген жұқпалы коронавирус дертіне қарамастан, дүниежүзіндегі қандас бауырлардың тілегі бір арнаға тоғысты. Туған жердің топырағы мен жусан иісін аңсаған әр қазақтың жүрегіндегі сағыныш алауы мәңгілік өшпейді. Қазақ халқының ортақ отаны – Қазақстан Республикасы. Заманауи онлайн форматта өткен басқосу алысты жақындатып, ағайынды бір-бірімен табыстырды. Барлық қатысушылардың ризашылығына бөленген шараны келешекте де өткізу жоспарланып отыр. «ONLINE-NAURYZ» мерекесінің тікелей эфирінің түсірілімін сілтеме арқылы өтіп тамашалай аласыз. Дайындаған Бақыт БЕКОВ