19 Наурыз, 15:50 686 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада коронавирус жұқтырған 7 адам жайлы дерек жарияланды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған жұқтырғандардың жағдайы туралы мәлімет берілді. 

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары. Жастары 25-52 аралығында. Бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Қазір олар стационарда. Карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті.  Алматы қаласында 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам індетке шалдыққан.

 

Соңғы жаңалықтар