Ұлт саулығы – басты назарда

Ұлт саулығы – басты назарда

Ұлт саулығы – басты назарда
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Премьер-Ми­нистр, Төтенше жағдай режи­мін қам­­тамасыз ету жөніндегі мемле­кеттік ко­­миссия төрағасы Асқар Маминді қа­был­дады, – деп хабарлайды Прези­денттің бас­пасөз қызметі. Премьер-Министр, Төтенше жағдай ре­жи­мін қамтамасыз ету жөніндегі мем­ле­кет­тік ко­миссия төрағасы Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа комис­сияның жұ­мы­сы және ел аумағында ко­ронавирус індетінің та­ралуына қарсы қабыл­данған шешімдер жайын­да баяндады. Мемлекеттік комиссияның төрағасы Нұр-Сұл­тан және Алматы қалаларында каран­тин­нің енгізілуі, экономика субъек­ті­лерін қолдау шара­лары, коронавирус жұқ­тырғандардың пай­да болу ықтималдығына өңірлердің дайын­дығы туралы айтты. Қазақстан Президенті комиссия мү­шелері жүйелі жұмыс істеп, аймақ басшы­ларымен өзара ынтымақтаса әрекет етуінің маңыз­ды­лығын атап өтті. Мемлекет басшы­сының пікі­рінше, фискалды саясатты тиімді жүзеге асыру мәселесіне баса мән беру керек. Бұл ретте Үкі­мет пен Ұлттық банктің үйле­сімді іс-қимылдары аса маңызды.