Елбасы қоры 200 миллион теңге бөлді

Елбасы қоры 200 миллион теңге бөлді

Елбасы қоры 200 миллион теңге бөлді
ашық дереккөзі
Елімізде коронавирустық ин­фекцияның таралуына қар­сы күрес­ке Қазақстанның Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасы қо­рынан 200 миллион теңге бө­лі­неді. Бұл қаражат Н.Назарбаевтың тікелей тапсырма­сы­­мен бөлінуде. Елдегі ахуал Елба­сының жіті ба­қы­лауында. «Бүгінде Қазақстанда эпи­де­мияға қарсы іс-шаралар толық кө­лемде жүзеге асып жатыр. Бұл әре­кеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мем­лекет теңдессіз шараларды қа­был­дап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келген­ше көмектесуде. Мен бұл бастама­ны қолдап, әлеуметтік жауапкер­ші­лік танытуға және біздің қоғам­ның бірлігін көрсетуге шақыра­мын. Біз барлық сынақтан сүрін­бей өтеміз. Біз біргеміз!», – делінген Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиден­тінің тапсырмасында. Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында теңдей үлестіріледі. Қаржылық көмек пандемияға қар­сы күреске жұмылған меди­ци­на қызметкерлеріне сыйақы беру­ге, қо­сымша медициналық бет­пер­де­лер мен дезинфекциялау құрал­да­рын сатып алуға жұмсалады. Сон­дай-ақ қара­жаттың бір бөлігі елор­дадағы балалар үйлері мен маман­дан­ды­рылған аурухана­лар­ды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағыт­талады. Сонымен бірге, қор басшылығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық бетперде тап­сырды.