Президент ел тұрғындары азық-түліктен тарықпайтынына сендірді

Президент ел тұрғындары азық-түліктен тарықпайтынына сендірді

Президент ел тұрғындары азық-түліктен тарықпайтынына сендірді
ашық дереккөзі
Елімізде күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Бұл туралы елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы үндеу жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  «Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», - деді Президент.