Алматы мен Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау нүктелері жабық

Алматы мен Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау нүктелері жабық

Алматы мен Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау нүктелері жабық
ашық дереккөзі

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында валюта айырбастау нүктелері өз жұмысын тоқтатты. 

Kurs.kz порталының ақпарынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда айырбастау нүктелері жабық. Сатып алу-сатудың барлық көрсеткіші жойылған.

Қос қалада тек америкалық долларды ғана емес, еуро мен рубльді де айырбастауға мүмкіндік жоқ.

Сайт дерегінше, Шымкентте екі айырбастау нүктесі жұмыс істеп тұр. 

Онда доллар, рубль мен еуроны тек сатып алып жатыр. Ал өзге валюта сатылымы тоқтатылған.