Елордада финтес орталықтары мен моншалардың жұмысы тоқтатылды

Елордада финтес орталықтары мен моншалардың жұмысы тоқтатылды

Елордада финтес орталықтары мен моншалардың жұмысы тоқтатылды
ашық дереккөзі
Елордада караоке, түнгі клуб, монша, компьютерлік клубтар мен фитнес орталықтары уақытша жабылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін бас қаламызда кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен көңіл көтеру орындары жұмыс істемейді. Атап айтсақ, түнгі клубтар, караоке, бар, монша, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер уақытша жабылады. Сонымен қатар, мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді. Тамақтану орындарында бір мезетте адамдар саны елуден аспауы керек. Дәмхана мен мейрамханаларда  және тағы басқа орындарда кальян пайдалануға тыйым салынып отыр. Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады. Бұдан бөлек, ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты шектелді. Енді олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді. Қоғамдық көліктердің жұмысы да еш өзгеріссіз. Соңғы аялдама пунктерінде автобустар дезинфекциядан өтеді.