Коронавирус жұқтырған алматылық жазаланды

Коронавирус жұқтырған алматылық жазаланды

Коронавирус жұқтырған алматылық жазаланды
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Коронавируспен ауыратын науқастардың бірі - азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды, - делінген хабарламада. Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.