Коронавирус: Трамптың тест нәтижесі жарияланды

Коронавирус: Трамптың тест нәтижесі жарияланды

Коронавирус: Трамптың тест нәтижесі жарияланды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа тест тапсырған АҚШ президенті Дональд Трамптың кесел жұқтырмағаны анықталды. Бұл туралы Ақ үй басшысының дәрігері Шон Конли мәлімдеді. Тексеріс Трамптың Бразилия президенті Жаир Болсонарумен Флоридадағы кездесуінен кейін жүргізілген. Себебі басқосудан кейін Бразилия делегациясының 5 мүшесі мен Флорида мэрінен вирус анықталған. Оқиғадан соң бұған дейін тест тапсырудан бас тартып келген Дональд Трамп сараптамадан өтуге келісімін берген. Бразилия президенті Жаир Болсонару да тексерістен өтіп, жұқпалы дерттен аман болып шықты. Айта кетейік, бұған дейін Голландиядағы Утрехт университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясын жоятын антидене тапқаны жайлы жазғанбыз. Мамандардың пайымынша, антидене сатылымға түсетін дәрілік затқа айналуы мүмкін. Алайда ол әлі сынақтан өткізілуі тиіс. Бұған бірнеше ай уақыт қажет. Сондай-ақ, дәріні биологтар қауымдастығы қолдауы қажет.