Нұрлы көш ауылындағы үйлердің жайы талқыланды (ФОТО)

Нұрлы көш ауылындағы үйлердің жайы талқыланды (ФОТО)

Нұрлы көш ауылындағы үйлердің жайы талқыланды (ФОТО)
ашық дереккөзі
Turkistan халықаралық газетінің №1 (09.01.20) санында ATAJURT жобасы аясында Нұрлы көш ауылындағы қандастарға арналған үйлердің мәселесі жазылған болатын. Бұл мәселе бойынша Үкіметке хат жазып, тұрғындардың арыз-тілегін жеткізген едік. Енді бұл мәселе «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссияның кезекті отырысында талқыланды. 2009 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында, Ақмола обылысындағы Нұрлы көш   ауылында барлығы 294 қоспәтерлі үй салынған. Алайда,  бір-екі ай көлемінде тұрғындар үйдің мүлде сапасыз екенін байқап,  құзырлы орындарға жеткізген. Осы мәселенің жайы қоғамдық кеңесте кеңінен қаралды. Комиссия отырысының шешімі Үкімет жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды. Сонымен қатар «Отандастар қоры» жанындағы қоғамдық комиссияның кезекті отырысы барысында репатриацианы ынталандыру шаралары, шетелдердегі этникалық қазақтарды оқулықтармен және басқа да көркем әдебиетпен қамтамасыз етудегі келеңсіз жағдайлар да талқыланды. Turkistan халықаралық газетінің тілшілері аталған мәселені алдағы уақытта да назарда ұстап, оқырман қауымға ұсынатын болады.   width=  width=  width=   width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=

Фотосуреттерді және материалды дайындаған

Бақыт БЕКОВ