Ынтымақтастық нығая бермек

Ынтымақтастық нығая бермек

Ынтымақтастық нығая бермек
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы­ның президенті Владимир Пу­тинмен кездесті деп ха­бар­лайды Елбасының бас­па­сөз қызметі. Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады. – Интеграциялық бірлестік жұ­мыс істеп жатыр және оның бо­ла­шағы зор деп санаймын. Құрмет­ті Төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына өз үлесімді қоса­мын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті екі ел арасындағы қатынас тату көршілік пен одақтастық рухында және қағидаттарына сәй­кес дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар  Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым және білім саласындағы ын­тымақтастық мәселелеріне ерек­ше назар аударды. Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президен­тінің интеграциялық процестер­ді дамытуға және екі ел арасын­дағы стратегиялық серіктес­тікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. – Біз саяси диалогты жалғасты­рып келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кез­десіп отырамыз. Біздің елдері­міздің үкіметтері қарқынды жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда 19,7 пайызға артып, 20 миллиард долларға жет­ті. Бұл жақсы көрсеткіш,  –  деді Ресей Президенті. Тараптар халықаралық күн тәр­тібіндегі өзекті мәселелерді де тал­қылап, әлемдік көмірсутегі на­рығындағы ахуал туралы пікір ал­масты. Сондай-ақ Н.Назарбаев М.Ломо­носов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болып, рек­тор В.Садовничиймен кездес­-ті.