Том Хэнкс пен оның жұбайы коронавирус жұқтырды

Том Хэнкс пен оның жұбайы коронавирус жұқтырды

Том Хэнкс пен оның жұбайы коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі

Атақты Голливуд  актері Том Хэнкс пен оның жұбайы Ританан коронавирус анықталды. Олар індетті Австралияда жүргенде жұқтырған. Бұл туралы актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Том Хэнкс Twitter желісіндегі парақшасында соңғы күндері әйелі екеуі өздерін жайсыз сезінгендіктен, қауіпсіздік үшін коронавирусқа сынама тапсыру туралы шешім қабылдағанын жазды. 

Сынама оң нәтиже көрсетіп, ерлі-зайыптылардың дерт жұқтырғаны белгілі болды. 

Актер мен оның жұбайы барлық процедуралар мен ұсыныстарға сүйене отырып, COVID-19 инфекциясының белгілері жойылғанға дейін сыртқы ортадан оқшауланып, толық емделуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Айта кетейік, ДДСҰ жаңа коронавирустың пандемияға ұласқанын мәлімдеді.

Ұйымның юас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада өткен брифингте індет жұқтырғандар мен зардап шеккен елдер саны арта түсетінін болжады. 

Бүгінде әлем бойынша жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 114 елде 118 мың адамнан асты. ДДСҰ мәліметі бойынша 4291 адам көз жұмды.