Арменияда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды

Арменияда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды

Арменияда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Кеше Арменияда коронавирус індетін жұқтырудың  үш жаңа дерегі тіркелді. Бұл жөнінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  Премьер-министрдің айтуынша, коронавирус Италиядан келген үш азаматтан анықталып отыр.Олардың екеуі 45 және 27 жастағы Армения азаматы болса, біреуі Арменияда жұмыс істейтін 51 жастағы Италия азаматы. «Өкінішке қарай, бүгін бізде коронавирус жұқтырған үш жаңа жағдай анықталды. Олардың үшеуі де Италиядан келген. Италия азаматы мен армениялық екі азаматтың біреуінде ешқандай шағым жоқ. Ал армениялық екінші азаматтың өкпесі қабынған», - деп жазды Никол Пашинян Facebook-тегі парақшасында. Айта кетейік, Бельгияда коронавирустан көз жұмудың алғашқы дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Әзірге Бельгия мектептерінде сабақ тоқтатылған жоқ. Кәсіпорындардың жұмысы да жалғасуда. Алайда елдің премьер министрі София Вильмес азаматтарды мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге және іскерлік кездесулерді кейінге қалдыруға шақырды.