Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсыбек Құлекеевті қабылдады
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Белгілі экономист, «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевпен кездесу кезінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру, Қазақстан экономикасының энергиялық ресурстардың экспортына тәуелділігін төмендету мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді арттыру, фискалды және монеталық саясатты жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау бағыттарында кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.