Нұротандықтар шалғайдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесуде

Нұротандықтар шалғайдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесуде

Нұротандықтар шалғайдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесуде
ашық дереккөзі
Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы халықты толғандыратын түйінді мәселелерді және олардың шешу жолдарын бірге талқылау үшін еліміздің шалғайдағы ауылдары мен елдімекендерінің тұрғындарымен кездесуде. ⠀ Партияның Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Жетісай ауданына қарасты Абай ауылының тұрғындары 2600-ден астам шаруа қожалығы пайдаланатын К-30 суару каналын қайта қалпына келтіру жұмыстарының ұзаққа созылғаны туралы мәселені көтерген болатын. ⠀ Осы сапардан кейін партия мүшелері – ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрлерімен арнайы жиын өткізді. Жақын арада уәкілетті мемлекеттік органдар партиялық бақылауға алынған мәселелерді шешудің жеке жол картасын енгізеді. Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сол жерде жағдаймен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.