Президент ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті

Президент ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті

Президент ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Ақорданың ресми сайтында жарияланған Қаулының толық мәтінін оқырман назарына ұсынамыз. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 4. «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 6 наурыз № 280