Бүркітші қыз Айшолпан туралы кітап шықты

Бүркітші қыз Айшолпан туралы кітап шықты

Бүркітші қыз Айшолпан туралы кітап шықты
ашық дереккөзі
Небәрі 13 жасында әлемді таңғалдырған бүркітші қыз ре­тінде дүниежүзіне танылған Айшолпан Нұрғайып­қызы былтырдан бері Нұр-Сұлтан қаласында оқу құны бір жылда $20 мың құрайтын халықаралық Spectrum мектебінің шәкірті. Ол осы оқу орнына арнайы грант жеңіп алған. Сонымен қатар Айшолпанды әлемге аты әйгілі Оксфорд пен Гарвард университеттері оқуға шақырған болатын. Моңғолияның Баян-Өлгей ай­мағы алақандай Ал­тын-сөксе ауылында дүниеге кел­ген қандасымыз Айшолпанмен ха­барласып, өзі жайлы шыққалы жат­қан кітап туралы сұраған едік. Америкада қандасымыз Ай­шол­панның өміріне ар­налған «Бүркітші қыз» атты кі­тап дайындық үстінде. Жазуша Лиз Уэлш Айшолпанның ес білгенге дейін­гі өмірін ата-анасынан жазып алған және есейгеннен кейінгі өмірін бүркітші қыз өзі айтып бер­ген. Қазақтың саятшылық өне­рі жайлы жазылған айтулы туын­ды натурализм мен экзо­ти­каға құмар америкалық оқыр­ман­ның қызығушылығын арттырып отырған көрінеді. Айшолпанның айтуына қарағанда, кітап­тың тұсау­ке­сері мамыр айында Аме­рикада болады. Сонымен қатар Айшолпан жай­лы бірнеше деректі фи­льм де түсірілген болатын. 2014 жылы ағылшынның Daily Mail ба­сылымында бүр­кіт­ші қыз Айшолпан Нұр­ғайып­қы­зы туралы ма­қала жарық көрді. Сөй­тіп әлем­ге саятшылық дәстүрді ұстан­ған ең жас қыз ретінде танымал бол­ды. Одан кейін америка­лық режиссер Отто Белл «Бүркітші қыз» атты деректі фильм түсіріп, «Ос­кар» сыйлығына ұсынды. Де­рек­ті фильм 15 үздік фильмнің қа­та­рына енді. 2016 қыркүйекте АҚШ-тың Колорадо штатында өткен «Тел­лурайд фильм» фестивалінде қандасымыз Айшолпан отбасымен The Eagle Huntress фильмі ар­қылы қатысқан еді. Деректі фи­льм киномамандардың жоғары ба­ғасына ие болып, ең таңдаулы де­ректі фильм қатарынан көрінді. Қандасымыз Айшолпан Баян-Өлгей аймағындағы ту­ризм саласының дамуына зор ықпал етіп келеді. Оның жасап жат­қан елін, табиғат аясындағы қыз­ғылықты өмірін көруге баратын туристер жыл санап артып ке­леді.