Экология вице-министрі тағайындалды

Экология вице-министрі тағайындалды

Экология вице-министрі тағайындалды
ашық дереккөзі
Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.  Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК бас директорының орынбасары, экономист, Ақтау қаласы бойынша салық бөлімі жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. "Қарақұдықмұнай" пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері болды. Энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2015 жылдан бастап "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеді. Техникалық саясат департаментінің директоры,  техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды. Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/politics/20200305/13002734/ekologiya-vitse-ministr.html