5 Наурыз, 09:38 341 0 Руханият Túrkistan Gazeti

Анкарада Абай  жылы басталды

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елші­лі­гінің ұйымдастыруымен Абай Құнан­байұлының 175 жылдық мерейтойына орай сал­танатты іс-шара өтті.

Аталған іс-шара Анкара Хаджы Байрам Уәли уни­верситетінің қолдауымен әрі Қазақстан Ұлт­тық ака­демиялық кітапханасының және Түркия Мә­дениет және туризм министрлігі Көркемөнер то­бы­ның қатысуымен жүзеге асырылды.

Басқосуға келген қонақтарды қазақстандық сту­­дент­тер қара жорға биімен қарсы алды.

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Са­пар­бек­ұлы алғысөзінде Абайдың  қазақ халқының руха­нияты үшін тарихи тұлғалығы төңірегінде сөз өр­біт­ті. «Оның шығармаларында ұлттық болмысымыз, өміріміз, дүниетанымымыз, мінезіміз, тіліміз, дініміз және рухымыз көрініс тап­қан» деп сөзін жалғастырған елші А.Сапарбекұлы Президент Қ.Тоқаевтың интеллектуалдық ұлт болу Абайдан басталады деген ой-пікірлері мем­лекетіміздің басты мұрат-мақсаты болып отыр­ғанын жеткізді. Сондай-ақ биыл жыл бойы Түр­кияның басқа да университеттерінің қолдауымен Абай жылына орай іс-шаралар жалғасын таба­тыны­на үміт артты.

Салтанатты жиын студенттер арасында ақын­ның өмірі мен шығармашылығына қатысты бі­лім­паздар сайысымен жалғасын тапты. Сайысқа қатысушылар Абай тақырыбы бойынша таным­дық деңгейін көрсетіп, жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды. Айта кетелік, жарыста бірінші бо­лып, озып шыққан университеттің 4-курс студен­ті Элиф Атлыға Қазақстанға саяхат туры табысталды.

Жиын барысында Түркия Мәдениет және ту­ризм министрлігі Анкара мемлекеттік түркі әлемі шығармашылық тобы концерттік бағдарламасын ұсынып, залға жиналған 800-ге жуық көрермен Абай­дың халық арасында сүйікті әндерге айнал­ған «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» және т.б. әсем әндерін өнер­паздармен бірге шырқады.

Игі шара ғылыми конференцияға ұласып, та­нымал ғалымдар Абай шығармашылығына қа­тысты баяндамалар жасады.

Е.ТҰРСЫН

Анкара қаласы, Түркия

 

Соңғы жаңалықтар