4 Наурыз, 15:52 371 0 Білгенге маржан Анар ЛЕПЕСОВА

Дидахмет Әшімханұлының туғанына 70 жыл толуына орай байқау жарияланды

Көрнекті қаламгер Дидахмет Әшімханұлының туғанына 70 жыл толуына орай Қазақстан суретшілері арасында байқау жарияланды.

Байқаудың ұйымдастырушысы – «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.

Байқау ережесі бойынша суретшілердің туындысы жазушының шығармаларындағы сюжеттерге негізделуі тиіс. Сурет өлшемі кемінде 80х60 см болуы керек.

Қылқалам шеберлерінің жұмыстары 2020 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

Байқаудың бас жүлде иегері 500 000 теңгеге ие болады. 1-орын иегеріне – 300 000  теңге, 2-орынға – 200 000  теңге және 3-орынға 100 000  теңге берілмек.

Соңғы жаңалықтар