3 Наурыз, 16:06 356 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Министрлік студенттер мен оқытушылардың шетелге жіберілуін шектеуді тапсырды

Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

Әлемде коронавирустың таралу ауқымы ұлғаюына байланысты қазақстандық білімгерлер мен оқытушыларды шетелге жіберу уақытша тоқтатылмақ.

Бұл туралы министрліктің ЖОО ректорларына жолдаған хатында айтылған.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі коронавирустың таралу қаупінің алдын алу үшін академиялық мобильділік және өзге де бағдарламалар арқылы білімгерлер мен оқытушыларды шет мемлекеттерге жіберуді және шетелдік оқытушылар мен менеджерлерді қабылдауды тоқтату қажеттігін хабарлайды» делінген хатта.

Сондай-ақ, аталмыш нұсқау орындалмаған жағдайда, ЖОО басшыларына жауапты тұлғаларға қатысты шара қолдану керектігі ескертілген.

Соңғы жаңалықтар