2 Наурыз 2020, 20:34 1072 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

"Вирус жылуға төзімсіз": Ресейлік ғалымдар коронавирустың таралуына қатысты тың дерекпен бөлісті

Көктемнің келуі коронавирустың жаңа түрін жұқтыру қаупін төмендетеді. 

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Еуропа институты директорының орынбасары Владислав Белов мәлімдеді, деп хабарлайды Life.ru

– Осы мәселені терең зерттеумен айналысып жатқан Кох институты жақсы хабар таратты. Вирус жылуға төзімсіз екені анықталып отыр. Демек, көктемнің келуі кеселді жұқтыру қаупін сейілтеді, –  дейді ғалым.  

Өз кезегінде Ресейдің екінші бір ғалымы Георгий Базыкин вирустың белсенділігі төмендейтінін болжау қиын деп есептейді. Алайда көктемнің келуі коронавирустың ЖРВИ және тұмаумен қатар тарауына шектеу қояды дейді ғалым.

 Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытша аурухана жабылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Кесел жұқтырғандар ауруханадан шыққан соң басшылық мекеменің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Аурухана басшылығы айдың соңына қарай басқа да ауруханаларды жабу жоспарланып отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар