Сот үкімі: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы кінәлі деп танылды

Сот үкімі: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы кінәлі деп танылды

Сот үкімі: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы кінәлі деп танылды
ашық дереккөзі
Атырауда сот үкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Бүгін №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексіндегі 371-баптың 2-бөлігі (ауыр салдарға әкеліп соққан салғырттық) бойынша айыпталған еді. Сот оны осы баппен кінәлі деп таныды. Оған 2000 АЕК көлемінде, яғни 5 миллион 302 мың теңге айыппұл салды. Сонымен бірге, ол үш жыл медицина саласында басшылық қызметті атқару құқығынан айырылды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. Мәншүк Аймұрзиева бұған дейін өткен сот отырысында өзінің кінәсін мойындап, процессуалды келісім жасауға ниет танытқан болатын. Ол 2017-2019 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Ал, былтырғы казанда Атырау облыстық перзентханасындағы тоңазытқышта сәби өлімі тіркелгеннен кейін өз еркімен қызметінен кеткен еді.