Елімізде төрт мыңнан астам дәрігер жетпейді

Елімізде төрт мыңнан астам дәрігер жетпейді

Елімізде төрт мыңнан астам дәрігер жетпейді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейтінін айтты. Әсіресе, ауылды жерлердегі медициналық қызметкерлердің саны өте төмен. Дегенмен, медициналық университеттерде қажетті мамандар дайындалып жатыр. Мәселен, биыл 8 мыңға жуық адам медициналық университеттерді бітіреді. Олардың арасында 5 700-ге жуық дәрігер мемлекеттік тапсырыс аясында білім алып шығады. «Әрине, қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, бұл дәрігерлер міндетті түрде 3 жылға өңірлерге жіберіледі», – деді министр. Министр қазіргі күні елімізде дәрігерлердің және орта буын мейірбикелердің саны жеткілікті екенін айтты. «Жеке секторға дәрігерлердің ауысуы да байқалады. Ол түсінікті де. Қазіргі уақытта дәрігерлердің 21 пайызы жеке секторда жұмыс істейді. Жалпы, бұл жайт алдағы уақытта ұлғая түседі деп күтеміз», – деді ол.