Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын көтеріледі – министр

Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын көтеріледі – министр

Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын көтеріледі – министр
ашық дереккөзі
2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы жыл сайын көтерілетін болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Елжан Біртанов айтты. ҚазАқпарат таратқан ақпаратта министр: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің нәтижесінде қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы 30, мейірбикелердің жалақысы 20 пайызға көтерілді. Бұл көптен күткен өте маңызды нәтиже саналады. 2019 жылдың қаңтарын қоса есептесек дәрігерлерің жалақысы 60 пайызға көтерілді. Біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. 2025 жылға дейін мемлекеттік бағдарлама негізінде жыл сайын медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп отырады», – деп атап өтті.