Diamond Princess экипажы кемеден қашан шығарылатыны белгілі болды

Diamond Princess экипажы кемеден қашан шығарылатыны белгілі болды

Diamond Princess экипажы кемеден қашан шығарылатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Жаһандық жаңалықтар лентасының басты тақырыбына айналған Diamond Princess лайнерінің экипажы бүгін кемеден шығарыла бастайды. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады. Кеме бортында мыңнан астам қызметкер бар. Олардың барлығы медициналық қызметтен өту үшін Токио маңындағы Сайтама префектурасындағы колледж ғимаратына орналастырылады. Соңғы деректер бойынша лайнер бортында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 705 адамға жеткен. Еске сала кетсек, 80 жастағы жолаушысынан коронавирус анықталуына байланысты Diamond Princess кемесі Жапония жағалауында карантинге жабылған болатын. Сыртқы ортадан оқшауландырылған лайнерде 3,5 мыңнан астам адам болды. Олардың қатарында Қазақстанның төрт азаматы бар. Олар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін елімізге эвакуацияланып, қауіпсіздік  шаралары үшін елордадағы емханаға орналастырылды.