«Astana LRT» компаниясы атауын өзгертті

«Astana LRT» компаниясы атауын өзгертті

«Astana LRT» компаниясы атауын өзгертті
ашық дереккөзі
Бас қаламыздағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС ребрендинг жүргізіп, өз атауын өзгертті.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан көрме-конференцияда компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді. «Бастапқыда елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді Б. Игенбердинов.