Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі көбейеді

Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі көбейеді

Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, – деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы жайында баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудің сапа­сын одан әрі арттыру, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіру қажеттігіне баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша бі­лім беру шараларын көбейтудің, мектептерде тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен бірлесіп апатты және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу қажет екенін айтты. Сондай-ақ Президент ғылым саласын қаржылан­дыру және басқару жүйесін жаңғырту шараларын қа­былдауды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін кө­бейтуді, ғылыми кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мың­баевты да қабылдап, салаға қатысты кезек күттірмес мә­селелер жөнінде тапсырма берді.