Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін
ашық дереккөзі
  Гарвард университетінің эпидемиолог-ғалымы Марк Липсич жақын уақытта адамзаттың 70%-ы коронавирус жұқтыруы мүмкін дейді. Бұл туралы Американың lifter.com.ua порталы хабарлады. Адамзаттың 70%-ы 5,3 млрд адамды құрайды екен. Медицинасы дамыған Оңтүстік Корея, Қытай, Италия мен Франция сияқты ірі мемлекеттер бұл індетке тосқауыл бола алмай отыр.  width= Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус мамыр айына дейін тоқтамаса, кезекті олимпиадалық ойындардың өтпей қалуы мүмкін екенін хабарлады. Кейбір бейресми ақпарат бойынша, олимпиада Лондонда өтуі мүмкін деген болжам жасап отыр. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасын ұйымдастырушыларының бірі Уилл Глендиннин олимпиада ойындарын екінші рет өткізуге дайын екенін де айтқан. Лондон тарапынан тараған ақпаратқа Токио қаласының мэрі Й.Койкэ ханым баспасөз конференциясында англиялық саясаткерлердің Олимпиадаға қатысты айтқан мәлімдемелерінің қисынсыз екенін айтты.  width= Көршілес Моңғол елінің президенті Х.Баттулга күншығыс халықтарының Шаған ұлттық мерекесін тойламауға шақырып, коронавирустан төніп тұрған қатерден алдын ала сақтану шараларын күшейтті. Елдегі барлық оқу орындарына үш ай уақыт карантин жариялады. Сабақ онлайн жүйесінде оқытылуда.

Шолуды дайындаған Бақыт БЕКОВ