Хосни Мүбарак қайтыс болды

Хосни Мүбарак қайтыс болды

Хосни Мүбарак қайтыс болды
ашық дереккөзі
Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак Каирде 91 жасында қайтыс болды. MENA агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, соңғы күндері Мүбарак асқазан-ішек жолына ота жасатып, Каирдегі емханалардың бірінде жатқан. Экс-президент Хосни Мүбарак 1981 жылдан бастап 2011 жылға дейін лауазымды қызметтерді атқарды. 2011 жылдың ақпанында қарсылық шаралары көбейгендіктен Мүбарак қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін қамауға алынды. Бірнеше жылдан кейін Мүбаракты жоғары сот ақтап, 2017 жылы түрмеден шығарылды. Босатылғаннан кейін бұрынғы президент оқшау өмір сүрді, БАҚ-пен араласқан жоқ.