Бензинді ел аумағынан шығаруға салынған тыйым мерзімі ұзартылады

Бензинді ел аумағынан шығаруға салынған тыйым мерзімі ұзартылады

Бензинді ел аумағынан шығаруға салынған тыйым мерзімі ұзартылады
ашық дереккөзі
Елімізде бензинді автокөлікпен мемлекет аумағынан шығаруға тыйым салу мерзімі ұзартылады.  Бұл туралы Энергетика министрлігі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 2019 жылы мұнайды өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өсіп, 17,2 млн тоннаны құрады. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі 2018 жылға қарағанда 9,5 пайызға артқан. «Биылғы жоспар 12,5 млн тоннаны құрайды. Айта кету керек, жоспарлар мұнай өнімдерінің ішкі тұтынуын негізге ала отырып есептелген. Егер қажеттілік болған жағдайда, жыл бойы өңдеу көлемін ұлғайту үшін бізде резерв бар», – дейді Ноғаев. Ведомство басшысы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ішкі нарықтың қажеттілігі толық өтелетініне сендірді. «2019 жылғы шілде айында тыйым салуды алғаннан кейін бензинді Еуропаға және Орталық Азияға экспорттау басталды. Бензиннің экспорт көлемі 180,7 мың тоннаны құрады. Сондай-ақ, министрлік жанар-жағармай тапшылығы фактілерін болдырмау мақсатында мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салды. Ол әр 6 ай сайын ұзартылатын болады», – дей келе минитр уәкілетті тұлғаларға бұйрықтың мерзімін ұзарту бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.