Әскери борышын өтеп жүргендердің несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Әскери борышын өтеп жүргендердің несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Әскери борышын өтеп жүргендердің несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Әскери борышын өтеп жүрген қазақстандықтардың кредит төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде әскерге шақырылушылар арасында кредит төлейтіндер көп. Сондықтан да олар жақындарына ауыртпалық түсірмес үшін әскерге бармауға тырысып жатады. Сол сияқты төлем мерзімін шегеруді сұрайтындар да жоқ емес. "Егер шақырылушы әскерге аттанса, онда оның кредиті ата-анасы мен туыстарына беріледі. Сондықтан заңда қарыз ата-аналарға берілмеуі керек екенін назарда ұстауымыз қажет. Біз әскери қызмет кезінде кредит төлеу мерзімін бір жылға тоқтата тұруды ұсынамыз", - деді депутат палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында. Юрий Тимошенко несиенің болуы және оның уақытылы төленбеуі немесе оның туыстарына өтуі отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің психоэмоционалды жағдайына теріс әсер ететінін ескертті. Айта кетейік, 2019 жылы елімізде 232 792 адам әскерге шақырылды. Ал 12 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясына шақыруды 2020 жылдың 1 наурызына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды.