Bek Air ұшуға қашан рұқсат алатыны белгілі болды

Bek Air ұшуға қашан рұқсат алатыны белгілі болды

Bek Air ұшуға қашан рұқсат алатыны белгілі болды
ашық дереккөзі

Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев Bek Air ұшуға рұқсат ала ма деген сауалға жауап берді.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда компанияны тексеру өз мәресіне жетіп келеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ведомство басшысы атап өткендей, компания басшылығы ақауларды жоюға қатысты жоспар құруға құқылы. Ол мақұлданған жағдайда компанияға оны іске асыруға және бұзушылықтарды жоюға алты ай уақыт беріледі.

Алайда компанияға барлық олқылықтар түзетілмегенше қайта ұшуға рұқсат берілмейді.

Бұған дейін ААК әуетасымалдаушыға қатысты барлық ескертулер айтылды.

Ластаев атап өткендей, барлық кедергілерді жою - маңызды мәселе.