Нұр-Сұлтанда су басуы мүмкін учаскелер анықталды

Нұр-Сұлтанда су басуы мүмкін учаскелер анықталды

Нұр-Сұлтанда су басуы мүмкін учаскелер анықталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында су тасуы мүмкін учаскелер анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.  «Биыл елордаға қардың қалай жауғанын көріп отырмыз. Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, қар әдеттегі қалыптан екі жарым есе артық түскен. Қазіргі таңда көшелер мен тұрғын үй ауласындағы қарды сыртқа шығару жұмысы қызу жүріп жатыр. Қаладағы әрбір тұрғын қар шығару жұмысының белсенді түрде жүргізілгенін қалайды. Көктем келіп қалды», - деді Юрий Ильин. Вице-министрдің айтуынша, әкімдік осы мәселеге қатысты болжам жасаған. «Көшелердің жартысын бұрын да су алып кеткен. Әкімдік қазір күрделі болжам жасап отыр. Өзеннің төменгі бөлігінде, қала сыртындағы саяжай учаскелерін су алуы ықтимал. Сонымен қатар кәріз жүйесіндегі мәселені шеше алмай жатқан Б.Момышұлы көшесінде, Тұран ауданының тұсында да қауіп бар. Әлбетте ТЖК тарапынан қиындықтарды еңсеруге барлық күш жұмылдырылады», - деді ол. Юрий Ильиннің айтуынша, әкімдік әзірге су тасуы мүмкін аумақта тұратын халыққа түсіндіру жұмысын барынша жүргізуде. Қажет болған жағдайда тұрғындар эвакуацияланады.