Еркін күрес: Қазақстандық қос балуан Азия чемпионы атанды

Еркін күрес: Қазақстандық қос балуан Азия чемпионы атанды

Еркін күрес: Қазақстандық қос балуан Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қос балуаны Данияр Қайсанов пен Юсуп Батырмурзаев ел қоржынына алтын салды. 

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 74 келіге дейінгі салмақта белдескен Данияр Қайсанов турнир барысында қарсылас шақ келтірмеді.

Балуан финалда Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Белгілі болғандай, Қайсанов жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.

Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, спортшы Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Ал 120 келіде өнер көрсеткен Юсуп Батырмурзаев финалда моңғолиялық Худербулга Доржхандты 10:0 есебімен жеңді. Ол  жартылай финалда ирандық Парвиз Хадибасманждан, ширек финалда үндістандық Сатендерден айласын асырған болатын.

Осылайша Юсуп Батырмурзаев еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль салды.