Ертеңнен бастап АҚШ грин карта беру талаптарын күшейтеді

Ертеңнен бастап АҚШ грин карта беру талаптарын күшейтеді

Ертеңнен бастап АҚШ грин карта беру талаптарын күшейтеді
ашық дереккөзі
24 ақпаннан бастап АҚШ билігі мемлекеттік жәрдемақы алғысы келетін шетелдіктерге грин карта беру талаптарын қатаңдатпақ. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. АҚШ-тың Жоғарғы соты жаңа ережелер енгізілуін тоқтатуды талап еткен соңғы арызды кері қайтарды. «Біз соңғы сот тыйымдарының күшін жойған Жоғарғы сот шешімін құптаймыз. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі жаңа ережелерді  енгізуді дүйсенбіден бастай алады», – делінген Трам әкімшілігінің мәлімдемесінде. Ақ үй грин карта беру талаптарын өткен жылдың тамыз айында қатаңдатқан. Жаңа ереже қазан айында күшіне енуі тиіс болатын, алайда Екінші аудандық аппелляциялық оған тыйым салды. Washington Post газетінің хабарлауынша, жыл сайын грин карта алуға 500 мыңға жуық адамнан өтініш түседі. Жаңа ереже 382 мың адамды қамтымақ. Басылымның дерегіне сүйенсек, АҚШ-қа өзге мемлекеттен келушілер елдегі әлеуметтік игіліктерге қол жеткізгендердің болмашы бөлігін құрайды. Иммиграциялық статусына байланысты шетелден қоныс аударғандар жәрдемақылардан, әлеуметтік жеңілдіктерден қағылған. Бұдан бұрын АҚШ-тың мемлекеттік департаменті аяғы ауыр әйелдерге виза беру тәртібі күшейтілгенін хабарлаған болатын. Ведомствоның түсіндіруінше, «бұл ұлттық қауіпсіздікті және салық төлеушілердің қаржысын сақтауға бағытталған шара».