Жұртты шулатқан «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды

Жұртты шулатқан «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды

Жұртты шулатқан «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталды. Аталған қаржы ұйымдарының өңірлік директорларын қаржылық пирамида құрды деген күдікпен полиция тұтқындады, деп хабарлайды Polisia.kz. Оларға қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған салымшыларды тартты деген күдік келтіріліп отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша аталған қаржы ұйымдары өткен жылдың соңынан бастап әрекет ете бастаған. Олар салымшыларды өз ұйымына қаржы салған жағдайда қомақты қаржы табатындарына сендіріп, нәтижесінде бөтеннің мүлкін қылмыстық жолмен иемденіп алған. Қылмысты ұйымдастырушылар ҚР ҚПК 128-бабы бойынша тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, бұған дейін қызылордалық полицейлердің қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғағандығы, Шығыс Қазақстан облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС салымшылары 52,5 млн теңгесінен айырылғандығы және «Гарант 24 Ломбард» ұйымының Тараз бөлімшесінің директоры ұсталғандығы хабарланды.