Мыңыншы матчын өткізген Роналду тағы да рекорд орнатты

Мыңыншы матчын өткізген Роналду тағы да рекорд орнатты

Мыңыншы матчын өткізген Роналду тағы  да рекорд орнатты
ашық дереккөзі
"Ювентус" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы да рекорд орнатты.  Eurosport.ru басылымының хабарлауынша, әйгілі футболшы Италия чемпионатының 25-ші турында кәсіби мансабындағы мыңыншы ойынын өткізді. Айтулы күні "Ювентустың" шабуылшысы СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, өз командасын жеңіске жетеледі. Роналдудың бұл добы оның кезекті рекордын тіркеді. Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Роналдуға дейін мұндай нәтижеге тек Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла қол жеткізген.    Еске сала кетейік, «Ювентус» шабуылшысы тек ойын алаңында ғана емес, әлеуметтік желіде де рекорд орнатқан. Криштиану Роналду Instagram тарихында 200 миллион оқырманы бар бірінші адам болды. Одан кейінгі орындарда әнші Ариана Гранде (173 млн) мен актер Дуэйн Джонс (170 млн) тұр.