Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2442-ге жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2442-ге жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2442-ге жетті
ашық дереккөзі
Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 2442 адамға жетті. Ал қауіпті індетті жұқтырған адам саны  – 76935. Сондай-ақ, Қытай аумағында 22917 адам коронавирустан айықты. Ал әлем бойынша вирусты жұқтырған 249 адам дертінен жазылды. Бұл туралы Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау жөнінен мемлекеттік комитеті хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін Қытайда коронавирустың инкубациялық кезеңінің жаңа мерзімі туралы хабарлаған болатынбыз.  Ел билігі ауру жұқтырғаннан бастап ауру белгілері байқалғанға дейін 27 күн өтуі мүмкін деп мәлімдеген. Бұрын ауру жұқтырғаннан кейін екі аптадан кешіктірмей өзін көрсетеді деп саналды. Жаңа деректер эпидемияны тежеуді қиындатуы мүмкін. 24 қаңтарда Қытайдың 70 жастағы тұрғыны Цзянның Эчжоудан қайтып келіп коронавирус жұқтырған туысын жолықтырған. Алайда ол әлсіздік және жоғары температура секілді аурудың алғашқы белгілерін  тек 19 ақпанда сезінді.