Наурыз айында күн райы қандай болады?

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Наурыз айында күн райы қандай болады?
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» мемлекеттік қызметінің синоптиктері наурыз айындағы күн райы туралы айтып берді. Ай басында еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстікте жаңбыр аралас қар жауады. 2020 жылдың наурыз айында ауа температурасы Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарындағы климаттық нормаға жуық болады. Елдің қалған бөлігінде бір градусқа жылы. Айдың бірінші онкүндігінде жауын-шашын болады: солтүстікте қар, оңтүстік аймақтарда жаңбыр, сулы қар. Жел екпіні күшейеді, солтүстікте боран болуы мүмкін. Тұман және көктайғақ құбылыстары жоқ. Солтүстікте түнде 5-10 аяз, күндіз 5 – плюс 5 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 0-8 жылы, күндіз – плюс 10-18 жылы болады. Кейбір күндері еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде сынап бағанасы минус 5-17 градусқа дейін, оңтүстігінде және батысында 0-10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. «Көктем басында циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы, яғни ауа температурасының күрт ауытқуы мен жауын-шашынның түсуі күтілуде. Сондықтан, соның салдарынан, 2020 жылдың наурыз айында жауын – шашын болады деп күтілуде», – деп нақтылады «Қазгидромет».