Талдықорғанда бір күнде 300 отбасы пәтерлі болды

Талдықорғанда бір күнде 300 отбасы пәтерлі болды

Талдықорғанда бір күнде 300  отбасы пәтерлі болды
ашық дереккөзі

Талдықорғанда бір тәулік ішінде 60 пәтерлі 1 коммуналдық үй мен «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» арқылы 180 пәтерлі 4 несиелік үй және медицина мамандарына арналып салынған 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Яғни облыс орталығында бір күнде 300 отбасы қоныс тойын тойлады. Сүйінші хабарды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тұрғындарға баспаналарының кілтін салтанатты түрде тапсырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент Жолдауының негізінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңірде қолжетімді тұрғын үймен қамту мәселесі шешімін тауып келе жатқанын атап өтті. – Облыста тұрғын үй құрылысының қарқыны алдағы жылы да сақталады. 2016 жылы біз 544,1 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 49,3 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне ұсынылатын болады. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын. Ел-жұртымыз аман, келешегіміз кемел болсын! – деді А. Баталов. Баспана қуанышына қол жеткізгендер арасында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала мамандары, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер және басқа да санаттағы азаматтар бар.