Хромтау ауданында адамдарға оқ атқан күдіктілер ұсталды

Хромтау ауданында адамдарға оқ атқан күдіктілер ұсталды

Хромтау ауданында адамдарға оқ атқан күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
20 ақпан күні сағат 22:10-да Хромтау аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған 5 адам жеткізілген. «Жедел тергеу тобы құрылып, үш күдікті ұсталды. Олар бар кінәны мойындады. Күдіктілер адамдарды атқан соң 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзенінің көпір астына жасырып қойған. Ваз-2114 маркалы ресейлік нөмірлі көлік пен екі қару тәркіленді», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталуда. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.