Пайдаланылмаған жер иелеріне жаза күшеймек – жер салығы өсе ме?

Пайдаланылмаған жер иелеріне жаза күшеймек – жер салығы өсе ме?

Пайдаланылмаған жер иелеріне жаза күшеймек –  жер салығы өсе ме?
ашық дереккөзі
24.kz сайтының мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған алқаптың иесіне салынатын жер салығының көлемін қайта қарауды ұсынып отыр. Аталмыш ведомство «шаруашылыққа тиесілі алқапқа ешқандай дақыл егілмесе, жер салығын 20 есеге дейін көтеру қажет» деп санайды. «Талапты тіпті қатаңдатып, салық көлемін 50 есеге дейін арттыру керек» деп бастама көтергендер де бар. Бұл шаруалардың жауапкершілігін арттырып, жерді мақсатты пайдалану үшін қолға алынбақ. Қазіргі уақытта Жер кодексі бойынша алқаптың бос жатқаны анықталған жағдайда жер иесіне тиісті органдар салықты 10 есе артық төлеуге міндеттейді. – Біз бұл мәселеге қатысты екі бағытта жұмыс істеуге бекініп отырмыз. Алғашқысы ғарыштан алынған ақпарат бойынша мониторинг жасалады. Біз оны порталға орналастырамыз. Сондықтан бәрі ашық болады. Мәселен, пайдаланбаған жер қызыл түспен боялады. Яғни, кімнің жерді пайдаланып, кімнің пайдаланбай жатқаны анық көрініп тұрады. Жерді ауылшаруашылық мақсатында жұмыс істейтін шаруаларға беру қажет. Ал екінші бағытымыз салық мөлшері қайта қаралса дейміз. Жерді пайдаланбаса, оған мыңдаған қаржы төлеп, қолда ұстап отыру ешкімге тиімсіз деп ойлаймын, – деді  Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов.