Каратиндегі круиз кемесінде болған қазақстандықтар ертең елге оралады

Каратиндегі круиз кемесінде болған қазақстандықтар ертең елге оралады

Каратиндегі круиз кемесінде болған қазақстандықтар ертең елге оралады
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрлігі Жапонияда карантинде тұрған круиз лайнеріндегі қазақстандық жолаушылар елге қайтуға дайындалып жатқанын айтты. Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, бүгін «Diamond Princess» круиз лайнерінде болған тағы екі азаматымыз құрлыққа шықты. «Олар қазір Токио қонақ үйлерінің бірінде демалуда. Осылайша, бұл лайнерде болған барлық қазақстандықтар коронавирусты анықтайтын тестіден өтіп, вирус жұқтырмағаны анықталды. Олар ертең елге оралады деп күтілуде» делінген хабарламада. Айта кетейік, Токиодағы біздің дипломаттар лайнерде Қазақстан азаматтары бар екені белгілі болған сәттен бастап олармен тұрақты байланыс орнатып, қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетті.