Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Синоптиктер «Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Орта Азиядан ауысып келе жатқан белсенді циклон сенбі күні Қазақстанның орталық аудандарына, ал күндіз республиканың шығысына қарай жылжиды. Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, дымқыл қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, күшті екпінді жел тұрады. Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. Жексенбі күні кей жерлерде қатты боран соғады, күртік қар мен күшті жел тұрады. Циклонның артынан Еділ өзені бойындағы аймақтардан антициклон бізге қарай ығысады, ол жауын-шашын мен суытуды тоқтатады. Ауа температурасы төмендесе де, орташа көпжылдық мәннен 3...6°С жоғары болады.