21 Ақпан, 13:11 3128 0 Өнер Анар ЛЕПЕСОВА

"Бұл не деген масқара?!": Трамп "Паразиттер" фильміне "Оскар" бергендерге шүйлікті

АҚШ президенті Дональд Трамп оңтүстіккореялық «Паразиттер» фильмінің «Оскардың» басты марапатына ие болуын сынға алды.

«Бұл не деген масқара?! Оңтүстік Корея фильмінің бас жүлде алуы ақылға сыймайды. Киноакадемияда не болып жатыр өзі? Мен бұл фильм «шетел тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша ғана марапатталды деп ойладым. Мұндай сұмдық бұрын болып па еді?», - деді Трамп Колорадодағы шеруде сөйлеген сөзінде.

АҚШ-тың Оңтүстік Кореямен сауда қатынасының кері кетіп тұрғанын еске салған Ақ үй басшысы үздік фильм жүлдесінің  оңтүстіккореялық туындыға берілуін дұрыс шешім деп есептемейтінін айтты.  

Еске сала кетейік, «Оскар» жүлдесінің марапаттау салтанатында режиссер Пон Чжун Хоның «Паразиттер» фильмі төрт бірдей аталым бойынша жеңіске жетті: «Үздік фильм» «Шетел тіліндегі үздік фильм» «Үздік сценарий» және «Үздік режиссура».

Тэгтер АҚШ Трамп

Соңғы жаңалықтар