Коронавирусқа қарсы екпе сынақтан қашан өткізілетіні белгілі болды

Коронавирусқа қарсы екпе сынақтан қашан өткізілетіні белгілі болды

Коронавирусқа қарсы екпе сынақтан қашан өткізілетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы екпе сәуір айының соңында сынақтан өткізіледі. Бұл туралы Қытай ғылым және технологиялар вице-министрі Сюй Наньпин мәлімдеді, деп хабарлайды life.ru. ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің мүшесі Цзэн Исиньнің айтуынша, вакцинаның кейбір түрлері жануарларға егіп, сынақ жұмыстары басталған. «Жаңа вирус болғандықтан және әзірге жіті зерттелмегендіктен, сынақ жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін», -  дейді Исинь. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың 5 фармацевтикалық компаниясы жаңа коронавирусқа қарсы екпе жасауға кіріскені хабарланған болатын. Соңғы тәуліктегі ақпаратқа сүйенсек, қауіпті вирустан Қытайда 2236 адам көз жұмған. 18264 адам дерттен толық айықты.