85 мың студент жатақханасыз жүр

85 мың студент жатақханасыз жүр

85 мың студент жатақханасыз жүр
ашық дереккөзі
Оның 64,2 мыңы жоғары оқу орындарының, қалған 21,5 мыңы – колледж студенттері. Бұл – Білім және ғы­лым министрлігінің ресми мәлімдемесі. Кейінгі екі жылда жатақхана тапшылығы 6 пайызға төмендеген. Биыл тағы да 10 мың орын пайдалануға берілмек. Десек те, елімізде 85 мыңдай студент әлі де жатақханасыз жүр. Қазіргі таңда жатақ­ханадағы орын Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәй­кес, рет-ретімен беріледі. Алды­мен әлеуметтік жағынан аз қам­тылған отбасылардың балалары, сосын халықаралық олимпиа­далардың жүлдегерлері, одан кейін мемлекеттік грант иеленген бірінші курстықтар. Шетелдік студенттерге жатақхана беру мә­селесі де алдыңғы кезекте шешіледі. Қалғандары егер орын қа­лып жатқан күнде ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткізеді. Айта кетейік, ведомстваның мәліметінше, 2023 жылы ғана сту­денттер толық жатақханамен қамтамасыз етілмек.