Жошы ұлысы тарихындағы Сарайшық

Жошы ұлысы тарихындағы Сарайшық

Жошы ұлысы тарихындағы Сарайшық
ашық дереккөзі
Әлемдік тарих ғылымында Жошы ұлысы немесе Дешті Қыпшақ даласы атанған сонау Ертіс пен Дунай аралығын қамтыған ұлан-байтақ аумақта мемлекеттік рөлге ие болған қала көп емес. Зерттеушілер осы аралықта бұрынғы жылдары 15-20 қала көрсетсе, ендігі жағдайда оның саны 150-ге жуықтады. Белгілі тарихшы  К.Байпақов: «көптеген зерттеушілер жазбаша деректерге арқа сүйеп, моңғол шапқыншылығы кезеңінде қалалық мәдениеттің дамуын тоқтатқанын» атап өткенімен, Алтын Орда мен Шағатай мемлекеттерінде интеграциялық процестер дамығанын, сауда-саттық және халықаралық байланыстар күшейгенін де жазған болатын. Ғалымның соңғы пікірін кейінгі жылдары жарияланған ақпараттар толық растайды. Жошының саясатын жалғас­тыр­ған Бату хан да қала құрылыс­тары­на, ол арқылы ел басқаруға айрықша күш сал­ған. Мәселен, Бату сол заманда аты әлемге бел­гілі болған Қырым, Мад­жар, Үкек, Қазан, Қа­жы-Тархан (Аст­ра­хан), Сарайшық қала­лары­ның негізін қа­лаумен дараланды. Ор­та­ғасырлық зерт­теуші Әбілғазы баһадүр Бер­ке хан ту­ралы жаза келіп: «Бір күні ат­та­нып, аға­сының (Батудың – Ә.М.) сал­дыр­ған Са­райшық атты шаһарына барды» деп анық көрсетеді. Қала арқылы Бату хан олар­­ды экономика мен қалалық мәде­ниет ор­талығына айналдырып, мемле­кет­тік сая­саттың бөлшегі жасады. Деген­мен қа­ла­лар­дың барлығы бірдей астана деңгейіне жет­педі. Бүгінде көпшілікке мәлімі Жошы ұлы­сы астаналары қата­рын­да Бұлғар, Са­рай-Бату (Сарай Әл-Махрус-Тәңірдің қор­ғауын­дағы Сарай), Сарай-Берке (Сарай Әл-Жадид-Жаңа Сарай) және Сарайшық ата­лады. Құр­бан­ғали Халид өзінің «Бес та­рихында»: «Са­рай, Сарайшық пен хан ордасы қа­ла­ларының айналасына орналасқандықтан хан, ханзадалар билігі үзілмей жалғасып отыр­ды» деп көрсетеді. Осылайша Жошы ұлысы тарихындағы Сарай атауымен басталатын қалалар империя саясатында басты рөл атқарады. Алдымен ол Жошы ұлысы хандары билігінің орнығуымен, хан­дар ордасының аталған қалаларда ор­наласуымен ерекшеленді. Біздіңше, Са­райшық қаласы Берке ханның тұсын­да аты шыға бастағандай. Ол алдымен қаланың Ұлы Жібек жолында орналасып, қай­наған сауда-саттықтың және Азия мен Еуропаны қамтыған халықаралық ор­талық болуына қатысты. Әбілғазы баһадүрдің Сарайшыққа «Мұнда Бұ­хара­дан көп керуен келіп жатыр» деген пікір­лері дәлелдей түседі. Осылайша Сарайшық ХІІІ ғасыр­дың екінші жартысынан бастап Еділ бойындағы қалалардан кейінгі не­гіз­гі орталықтардың біріне айналды. Сарайшық қаласы Жошы ұлысы хан­дарының таққа отыратын маңыз­ды саяси орталығы – астанасы бол­ды. Сарайшық хан сайлану дәстүрі­мен, алтын тағымен аты шықты. Ол ту­ра­сында Әбілғазы еңбегінде: Өзбек хан өл­геннен соң оның ұлы Жәнібекті хан кө­терді, Жәнібек хан ғажайып мұсылман пат­ша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кі­сі еді, Сарайшық шаһарында таққа отыр­ды», «Жәнібек хан өлгеннен соң Теб­ризден Бердібек хан Сарайшыққа кел­ді. Үш күн аза тұтып, азадан соң бар­лық ханзадалар мен әмірлер жиналып, Бер­дібекті хан көтерді» деп жазады. Белгілі ноғайтанушы В.Трепавлов осы тізімге Өзбек ханды да қосады. Тарихи деректер хандар «Алтын таста», «Алтын тақ­та» отырды деп жазады. Мәселен, 1332 жылы Жошы ұлысы иелігіне жеткен араб саяхатшысы Ибн Баттута: «Біздің ке­ліп жеткен жеріміз Дешті Қыпшақ деп ата­лады. Дешті түркі тілінде далалық де­генді білдіреді», «Қырым шаһары ұлы Сұл­тан Мұхаммед Өзбек ханға (1312-1342) қарайды. Хан бізше сұлтан деген сөз. Бұл сұлтанның тағы бір әдеті: ол әр жұ­ма күні намаздан соң өзінің «Алтын тас» деп аталатын үйінде отырады» деп жа­зады. Сарайшық қаласы мұсылман дінін Жошы ұлысының мемлекеттік діні деңгейіне көтерген рухани астанасы болды. Осында Берке (1257—1266), інісі Тоқай-Темір 1263 жылы мұсылман дінін қа­былдады, ал Өзбек хан ұлыстың мем­лекеттік дінін жариялады. Неміс ғалымы Б.Шпулер Берке хан ислам дінін ХІІІ ғасырдың 40-жылдары қабылдады және ханға Бұхара оқымыстысы 1261 жылы қайтыс болған Шамсуддин әл-Бұхари ық­пал жасады деп есептейді. Ол тура­сында Әбілғазы Берке хан Бұхарадан кел­ген керуеншілермен сөйлесіп «Мұ­сыл­маншылықтың шарттары мен та­ри­хын сұрады. Бұл кісілер мұсылман­шы­лық­ты жақсы баян қылды. Берке хан таза жүрегімен мұсылман болды. Сосын ол халқын исламға сенуге шақырды», Өзбек хан «Елдің ұлыс-ұлысын исламға кір­гізді, халықтың дәулеті артты», Ибн Бат­тута Сарайшықта «Бұл қалада түркі­ден шыққан құрметті тақуа діндар кісі­нің тұрар жайы бар, оның аты – Ата. Ол бізді қонақ қылып әрі батасын берді» деп то­лықтырады. Араб саяхатшысы суфии­лік мекемеге – завияға барған. Осы тұста Сарайшықта мешіт-мед­реселермен бірге қоғамдық мон­ша, әжетхана, кәріз жүйесі, су құ­бырлары, қауыздар, бұрқақтар салынады. Оны дамыту мақсатында елдің оң­түс­тігі­нен діни ғалымдар шақырылады. Са­рай­шықта сейіттер, молдалар, қожалар, ха­физ­дер қызмет ете бастайды. В.Трепавлов Но­ғайлы кезеңінен Естерек тұсында сейіт­тердің басшысы ретінде Ибрагим б. Ка­леват, Сайф ад-Дин б. Калеватты атай­ды. Олар сауатты тұлғалар болғандықтан мемлекет басшысына ақыл-кеңес беріп, ха­лықаралық байланыста шешуші рөл ат­қарған. Сарайшықта бірнеше діни орта­лық­тар жұмыс істеген. Оларда әртүрлі діни миссионерлер өз діндерін уағыздаған. Миссионерлер қала арқылы Азияға жол тартқан. Өз зерттеуінде В.Бар­тольд 1338 жылы миссионер Пасха­лия­ның Сарайшыққа келгенін жазады. Сарайшық Жошы ұлысы билеу­ші­лерінің, даңқты тұлғалардың пан­теоны. Ол 1459 жылғы венециялық мо­нах Фра Мауроның картасында Жайық­тың оң жағалауына салынып, күм­безбен белгіленіп, «Билеушілер қа­бірс­таны» аталады еңбектерінде анық кө­рініс табады. Сарайшықта археоло­гия­лық қазба жүргізген Н.Арзютов (1937 жылы) «Алтын Орда хандарының жер­лен­ген жері», Г.Пацевич (1950 жылы) «Са­райшықта Жошы ұлысының аста­на­сы және алғашқы Алтын Орда хан­дары­ның жерленген орны болғандай», Ә.Марғұлан (1950 жылы) «Жазба қайнар көз­дерінен байқауымызша, ХV-ХVІ ға­сырлардағы тамаша сәулет ескерткіштері қа­зақ хандары Жәнібек пен Қасым ханға Са­райшықта тұрғызылды... 1524 жылы Са­райшықта қазақ ханы Қасымның қаза тауып, жерленгені қайнар көздерінен бел­гілі» деген тоқтамға келеді. Оларға не­гізгі дерек Қадырғали Жалайыридің «Жыл­намалар жинағы» мен ХVІІ ға­сырдың екінші жартысындағы Әбіл­ғазының «Түрік шежіресі» және эпи­ка­лық жырларымыз болады. Қадырғали Жалайыри Қасым хан жөнінде: «Оның хикаясы әр жерде айтылады, сондықтан мәлім, мәшһүр болды. Ақырында Сарай­шықта дүние салды. Бұл күндері оның қабірі Сарайшықта жатыр» ал Әбілғазы Алтын Орда хандары Тоқтағу хан «пат­ша­лық өмірі алты-ақ жыл болды, Са­рай­шық шаһарында жерленді», Жәнібек хан Өзбекұлын «ол он жеті жыл патшалық құрды. Сарайшықта жерленді» деп жаза­ды. Біз оларға қосымша Өтеміс қажының, Абдулғаффар Қырымидің жанама де­ректеріне сүйене отыра, Сарайшықта Алтын Орда хандары Жошының Батуы­нан тарайтын ұрпақтары Тоқтағу, Мөң­ке Темірұлы, Жәнібек Өзбекұлы, Берді­бек Жәнібекұлы, Жошының Тоқай Те­мі­рінен тарайтын Тоқтамыс Тайқожаұлы, Жо­шының Орда Еженінен тарайтын қа­зақ хандарының атасы Ақ Орда ханы Ба­рақ Құйыршықұлы, Қазақ ханды­ғы­ның билеушісі Қасым Жәнібекұлы Са­рай­шықта жерленген деген қорытынды жасаймыз. Бұл бағытта түрлі тұжырым­дар болғанына қарамастан, болашақта зерттеулер жалғасын табады деп сенеміз. Ортағасырлық Сарайшық Азияны Ұлы Жібек жолы арқылы Еуро­па­мен байланыстырған алтын көпір, Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-сат­тық орталығы болды. Жайық өзенінен өткен Ибн Баттутаның «Біз Сарай қала­сы­нан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, терең, ағысы қат­ты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағ­даттан кейін екінші жүзбелі көпір осын­да екен» деуі көп нәрсені аңғартса ке­рек. Еуропадан Қытайға баратын не­гізгі керуен бағыты Қырым, Астрахан, Са­рай­шық қалалары арқылы, Сағыз, Уіл, Ембі өзендерінің аңғарлары арқылы, Кас­пий маңы ойпаты бойынша, Үргеніш, Сыр­дария өзенінің төменгі бойы арқылы Отырарға дейін, одан әрі Алмалыққа, Қамсуға, Ганчжоуға, Ханбалыққа барады. Фло­ренция көпесі Франческо Пегалоти Са­райшыққа дейінгі жолды жақсы біл­ген. Оның жазуынша Сарайшықтан Үрге­­­нішке дейін түйе жегілген арбамен 30 күн жүрген. Сауда айналасында шикі­зат – жүн, тері, түбіт, бидай және т.б. бол- ­ған. Тоғыз жолдың торабы түйіскен Са­райшық ХІІІ-ХІV ғасырларда Еділ-Жайық аралығындағы ірі қала­лар­дың біріне айналды. Ортағасырлық Сарай­шық қаласының аумағын 1861 жылы Сарайшық құландыларын зерт­теген топограф А.Алексеев 3 верст 350 сажен, Жайық бойы қалаларын ұзақ жыл­дар бойы зерттеген археолог Л.Гал­кин бұл кезеңде Сарайшық халқы 50 мың­нан көп емес деп анықтайды . Сарайшық Сарай-Батумен салыс­тыр­ғанда шағындау қала болды. Зерттеуші В.Егоров В.Тизенгаузеннің еңбегіне сүйеніп, Сарай-Бату қаласының кө­лемі шамамен 10 км2, ал халқы 75 мың шамасында болғанын дәлелдеді. Мұның өзі Сарайшықтың Алтын Орда­ның кіші сарайы болғанын да айғақ­тайды. Сарайшыққа 1950 жылы археоло­гия­лық қазба жұмыстарын жүр­гіз­ген Ә.Марғұлан: «Сарайшық, Ескі Са­рай және Жаңа Сарай – бір-біріне жақын ор­наласқан үш Алтын Орда қалалары. Са­райшықтың атаулары, оның сарай­лары, мешіттері бар бай феодалдық қа­ла­ның мәртебесін білдіреді... Сарайлар­дың, мешіттердің, медреселердің іздері кесілген тақталармен сәнделген, алып қа­бырғалар түрінде сақталған. Сарай­шық, сондай-ақ қолөнершілердің қаласы бол­ған» деп сипаттайды. Сарайшықтағы қа­ла құрылысы мен архитектураның жо­ғары деңгейін соңғы жылдардағы қаз­балар да толықтыра түсті. Сарай­шық­та ұзақ жылдар археологиялық қазба жүргізген белгілі археолог З.Самашев пен В.Плахов: «Қала құрылысының ешбірі жос­парсыз жүзеге асырылмаған, онда көш­пелі елдің қаласына тән дәстүрлер ес­керіле отырып, белгілі бір жүйеге ба­ғын­дырылып салынған. Үй сәулетіне, оның ішкі интерьеріне Төменгі Еділ жа­ғалауы, Хорезм және Сырдария өңірі қа­лаларының дәстүрі де біте қайнаған» дейді. Қорыта айтқанда, тарихи деректер мен археологиялық қазба материалдары Сарайшықтың әлемдік мәдениеттің то­ғыс­қан орталығы болғанын айғақтайды. Сарайшық Алтын Орда хандары­ның атынан теңге соғылатын ақ­ша сарайы орталығы болды. Бүгінде ақ­ша сарайларының саны 60-тан асады. Са­райшықтағы қазба жұмыстары кезінде та­былған тиындардың ең көнесі Менгу-Те­мір ханның теңгесі (1266-1282), ал кейінгісі 1515-1600 жылдары болса, Ал­тын Орда нумизматикасының негізін салу­шы Х.Френнің анықтауынша Са­рай­шықтың өзінде соғылған тиын­дар­дың ең ертесі Елбан ханнан бастап Дервіш хан тиындарына дейін. Дегенмен бүгінде 1359-1361 жыл­дары Қызыр ханның тұсын­да Са­райшықта теңге соғылғаны анықтал­ды. Қызыр тұсында осында «Сарай әл-Жадид» атымен теңге шығарылған. Ал 1370-1374 жылдары Сарайшық шай­ба­ни­лық Айбекке бағынған тұста теңге Әли-қожа мен Елбан хан атымен со­ғыл­ған. Алтын Орданы Тоқтамыс билеген жылдары оған бағынған барлық тиын соғатын орындар хан атымен тиын шығара бастады. Оның билігінің бас кезеңдерінде ақша реформасы жүр­гізі­леді. Содан Хорезмнен тыс мемлекет­тің барлық жерінде 1,30 грамм, Хорезм­нің өзінде 1,50 грамм салмақты күміс тиын­дар соғылған. Осы тұста Сарайшық­та қайтадан мыс, күміс тиындар соғыла бастады. 1400-1417 жылдардағы Шайбан, Тоқа-Темір, Орда-Ежен ұрпақта­ры­ның өзара күресі кезеңінде де Сарай­шықта тиын соғу жалғасты. Соғылым са­пасы нашар болғанымен оның көптеп табылуы ханның экономикалық әл ауқатын анықтайды. Тиындарды Болат хан (1406/1407-1410/1411), Дервіш хан (1413/1414-1419/1420) соқтырған.  width= Сарайшықтағы теңге сарайы оның сауда-экономикалық қарым-қа­ты­нас­тағы рөлінің өскенін және саяси бел­сенділігінің өскенін көрсетеді. Сарайшық әлемдік тарихта аты қал­ған атақты тұлғалардың кін­дік қаны тамған жер. Олардың арасында 1549-1554 жылы Үлкен Ноғай орда­сы­ның билеушісі болған Едіге әулетінің ұр­пағы Жүсіптің қызы, Қазан хан­ды­ғының ханшайымы Сүйімбике (1516-1554), Қазақ хандығының негізін қалау­шы Жәнібек ханның Жәдігінен тарайтын Ондан сұлтанның ұлы, Қазақ хандығы мен Москва арасындағы дип­ломатиялық байланыстың негізін қа­лаушы Оразмұ­ха­мед сұлтанның, Бөкей Ордасы ханы Жәңгір ханның туған жері. Қорыта келгенде, ортағасырлық Сарайшық тарихы жаңа ізденіс­терге шақырады. Оған қатысты шетел архивтерінен материалдар іздестіріліп, Қазақстанға әкелінсе қала тарихы тура­лы тың тұжырымдар жасалатынына кә­міл сенеміз.

Әбілсейіт Мұқтар,

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры